Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсынған болатын.

Еске салайық, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI cъезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралуда:

1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;

2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.