Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болды

Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банк төрағасы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын Сенатқа ұсынған болатын. Депутаттар бір ауыздан қолдады.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің хабарлауынша, қазір Пірматов омикрон штамына байланысты сырқаттанып жатыр.

«Сауыққан соң Парламентке келіп, Ұлттық банкті әрі қарай дамыту тұжырымдамасын таныстырады», - деді Сүлейменов.

Қызметін қаржыгерліктен бастаған Ғалымжан Пірматов бірқатар беделді шетелдік компанияда, Халық банк және БТА банкте жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік органдар мен Ұлттық банкте қызмет атқарған.

Ал 2018 жылдан бері «Қазатомпром» компаниясында төрағалық етті.