Қазақстан құрамасы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты

Күллі жаһан көз тіккен Бейжің Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты өтті.

Ойындардың ашылу рәсіміне еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші, Қазақстан командасының көшбаcшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькиден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова көтеріп шықты. Биылғы Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Жалпы қазақстандық спортшылар 87 жолдама жеңіп алған. Айта кетейік, Бейжіңдегі дүбірлі додада 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 4 мыңнан астам спортшысы бағын сынайды. Бүгін тау шаңғысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, шаңғымен секіру  және шайбалы хоккейден іріктеу сайыстары өтті. Ал қысқы ойындардың барысымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 28 мыңнан аса тілші хабар таратады.