Мәсімовтің тағы бір орынбасары тұтқындалды  

Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары тұтқындалды.

Осыған дейін Дәулет Ерғожиннің қолға түскені айтылып келген еді. Бірақ оған қандай айып тағылғаны бертінге дейін белгісіз болды.

Дәулет Ерғожин да Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Енді ол «билікті басып алмақ болды» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікке ілініп отыр.

Осыған дейін тап осындай айып Кәрім Мәсімовтың өзіне және тағы бір орынбасары Әнуар Садықұловқа тағылған. Олардың ісіне «аса құпия» деген мөр басылғанын айта кетейік.