Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады

2022 жылғы 07 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Президент Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруі және жедел әрекет етуі тиіс.  

Мемлекет басшысына партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Асхат Ораловтың айтуынша, саяси ұйымның Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіліп жатқанын баяндады.