Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізуде.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук-парақшасында жазды.

«Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бұл іс-шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», – деп жазды ол.