Ақ Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті

Бейжіңдегі 24-ші қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетіп, Қытай Ақ Олимпиада эстафетасын Италияға табыстады. Кей даулы сәттерді ескермегенде, сайыстар тыныш өтті. Ал Олимпиадада медаль есебі бойынша Норвегия 16 алтынмен топ жарды. Екінші орында Германия құрамасы. Немістердің қоржынында 12 алтын. Ал үшінші орынды жұптық мәнерлеп сырғанауда 9-шы алтынды жеңіп алып, Қытай құрамасы иеленді.

Қазақстандық спортшылар арасында шорт-трекші Абзал Әбжіғалиев төртінші орыннан көрінді.

Жалпы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға еліміздің атынан 34 спортшы қатысты. Енді Қытай жерінде наурыздың 14-і күні Паралимпиада ойындары өтеді.

Сондай-ақ...