Е.Тұрғымбаев ІІМ басшысы қызметінен босатылып, Президенттің кеңесшісі болды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.