Қазақстан – Франция ынтымақтастығы туралы сөз болды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтынан.

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.