Украинадан 175 отандасымыз елге оралды

Украинадағы қазақстандықтардың алды елге жетті. Отандастарымыз мінген ұшақ кеше Полшаның Катовице қаласынан аттанып, 6 сағаттан аса уақытта, яғни түнгі он екі жарымда Алматыға келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, жанын шүберекке түйіп, өз өмірінен бөлек бала-шағасына алаңдаған талай жанның туған топыраққа аяғы тиді. Репатрациялық рейс бүгін де жалғасады. Бұл Украинадағы қазақстандықтарды елге жеткізген алғашқы репатрациялық рейс. Онымен Алматыға 175 адам ұшып келді.  Оның 21-і бала. Арасында 6 нәресте бар.  Жолаушыларды туған-туыстары тағатсыздана күтіп алды. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін қолдарына шар мен гүл ұстап келгендер де бар. Ал туған Отанына аман-есен жеткендердің қуанышында шек жоқ. Олар Украинаның әр түкпірінен Польшаға бірнеше күн жүріп әзер жеткен. Себебі шекараға дейін кептеліс ондаған шақырымға созылған. Сондықтан автобуста тәуліктеп отыруға тура келген. 

Руслан Хасенов, жолаушы

– Алғысымыз шексіз. Шынымды айтсам, елген аман-есен жеткеніме сене алмай тұрмын. Осы қиындықта жан-жағымызда жақсы адамдардың көп екеніне көз жеткіздім. Львовта, Польшада көптеген азаматтардың көмегі тиді. Шекараға дейін 3 күн жүріп келдік. Кептеліс, содан ол жерде бір күн күттік.

Николай Татаренко, жолаушы:

– Сыртқы істер министрлігі телеграмда топ ашып, ақпараттың барлығын сонда тастап отырды. Кімдерге хабарласу керегіне дейін айтылды. Сол арқылы хабардар болып отырдық. Шекарадан өткеннен кейін бірден тамақтандырып, қонақүйлерге жайғастырды. Орналасқан жеріміз де өте жақсы болды. Сондай қыин кездің өзінде  барлығы ұйымдасқан түрде болғанына өз басым таңғалдым. Қазір бәрі көрген түстей болып тұр. Шіркін бейбіт заманға не жетсін. Өзім Украинаға  жұмыс бабымен барған едім. 

Украинадан келген азаматтардың көбі алматылықтар. Қалада тұрмайтындар  туған туыстарына тоқтаймыз деген. Ал басқа облыстың 21 адамына әкімдік көмек көрсетпек. Оларды қонақүйге орналастырып, ас-сумен қамтамасыз ететін болады. Қажет болған жағдайда медициналық және  психологиялық көмек көрсетуге де дайын. «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер де Киевке жұмыс бабымен барып, Қазақстанға қайта алмай қалған. Ол да Алматыға  алғашқы репатрациялық рейспен ұшып келді. 

Питер Фостер «Air astana» әуе компанисының президенті:

– Шекарадағы жағдай өте күрделі. Онда мыңдаған адам Польшаға қарай өтпек болып тұр. Шынымды айтсам, санын айта алмаймын. Біз 100 шақырымды 7 сағат бойы, ал соңғы 19 шақырымды 12 сағат жүрдік. Одан кейін шекарада тағы 12 сағат кезекте тұрдық. Бірінші кезекте қауіпсіздік талаптарын ескердік. Елшілік тарапынан  көмек болмаса бұдан да қиын болар еді. Репатриациялық рейстерді ол жақтан бері келемін деген адамдардың барлығын әкелгенше жалғастыратынымызды айта кеткім келеді. Ол жақта біздің 2 қызметкерлеріміз жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Украина елшілігінде 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы тіркелген. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украина мен Польша елшілігіне 650-ге тарта отандасымыздан эвакуациялауды сұраған өтініш түскен. Екінші дәл осындай рейс ертең түнгі 12 жарым шамасында Атырауға қонады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев