8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Бүгін 8 наурыз халықаралық әйелдер күні.

"Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен" дүниенің тұтқасы іспетті әйел-аналарға деген құрметіміз шексіз. 

Жалпы бұл күнді БҰҰ 1975 жылы Халықаралық әйелдер күні деп бекіткенімен тарихы одан әріде жатыр. 18-ғасырдың өзінде әйелдер теңдікті талап етіп, қозғалыстар ұйымдастырған. Кей кезеңдерде тек қыз-келіншектердің құқығын қорғау ғана емес, соғысты тоқтату жөнінде де талаптар қойып отырған. Сөйтіп, өршіл, қайсар қауымның арқасында осындай атаулы күн пайда болды.

Қазақ тарихында да елдің, жердің жайын ойлаған ел басқарған аналарымыз болды. Қазірде билік басында жүрген қыз-келіншектеріміз аз емес. Қазақстан үкіметінің 4 жарым проценті әйелдер екен. Президент әкімшілігінде 7,3 процент. Ал 5,9 проценті әкім. Агенттіктердің жетекішілігі мен президент жанындағы өзге де органдардағы әйелдердің үлесі 20 процент.  

Сенатта 9, Мәжілісте 28 әйел депутат бар. Процентке шаққанда Сенаттағы үлесі 18,8, Мәжілісте – 27. Ал вице-министрлердің 14,9, әкім орынбасарларының 9,8 проценті қыз-келіншектер.