14 наурыз Көрісу мейрамы

Бүгін наурыздың 14-і Көрісу мейрамы. Дәл осы күні халық қыстан аман шыққанына қуанып, дастархан жаяды.

Сағынғанымен көрісіп, сақтағанын қазанға салады. Тек ертеде бар қазаққа ортақ болған осы атаулы күнді қазір тек батыс өңірге ғана теліп қойдық. Дәл осы наурыздың 13-14-ін ертеректе ақсақалдар «бұл күні қарға құмалақ батса, қар кетеді» деп есептейтін. Сөйтіп, бұдан әрі «ұзынсары», «бесқонаққа» ұласатын наурыздың қадір-қасиетіне бабаларымыз үлкен мән берген.