Сәуірде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылуы мүмкін

Сәуірде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылуы мүмкін

Жеңіл автонесиелеуге 100 млрд теңге бөлінеді. Енді отандық көліктер қолжетімді болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұл мақсатқа биыл 100 млрд теңге қаралатынын айтты. Үкімет есебінше 71 мың адам жаңа көлік алады. Әрбір қарыз алушыға жылдық 4 проценттік мөлшерлемемен 10 млн теңгеге дейін несие беріледі. Көлік одан қымбатырақ болса, қалған сомасын өз қалтаңыздан шығарасыз. Әзірге бағдарламаның нақты талаптары айтылмады. Бірақ министр отандық көліктердің бағасын аспандатпауға жағдай жасаймыз деді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Шешімді сәуір айында толығымен қабылдаймыз ба деп отырмыз. Өйткені қазір ол талқылауда. 10 млн теңгеге дейін тұратын машиналардың бағасын 4 процентпен беретін боламыз. Одан асатын машина болса, бағасы одан көп болса, оны өз қалтаңыздан төлейсіз.