Елордада ауа райының қолайсыздығын жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді

Елорданың аудандық әкімдіктерінде ауа райының қолайсыздығын жою бойынша жедел штаб күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, тиісті қызметтердің бәрі тәулік бойы жұмыс істейді, бригадалар кезекшілік етеді, бағдаршамдарды, шамдарды, қоршауларды жөндеу, құлаған ағаштарды шығару және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Жедел штабтың нөмірлері: Сарыарқа ауданы - 8 705 429 88 25, 55 64 91;

Алматы ауданы - 8 708 813 3581, 36-10-90, 8 707 170 11 81 (WhatsApp);

Байқоңыр ауданы - 8 775 938 06 91, 55 75 19;

Есіл ауданы - 8 775 643 40 63, 8 701 444 48 65, 8 775 110 01 96, 55 73 82, 55 69 07.

Осы нөмірлерге үйлердің шатыры, қасбеті және т.б. мәселелер бойынша хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, елордалық құтқарушылар қалада және қалаға жақын маңдағы учаскелерде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адамды, оның ішінде 52 баланы құтқарды. Барлық бағыт бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) патрульденді.

Жол полициясы автокөліктердің шығып кетпеуіне жол бермеу үшін бекеттер қойды. Ал аялдамаларда автобустарды күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін қала бойынша вахталар жұмыс істейді.