Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Ал Серік Жамбылұлы Шәпкенов осы облысқа әкім болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.