Санкциялар Қазақстанның банк секторына әсер ете ме

ҚР СІМ және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компанияларға санкция мәселесі жөнінде кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктерге АҚШ санкцияларының күтпеген ықпалын азайту, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайту.

Америкалық дипломаттар АҚШ енгізген санкциялар, шектеулер режимі шеңберінде бизнес жүргізу және транзакциялар жасаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Тараптар қазақстандық экономикаға санкциялардың ықпалын азайту мақсатында ынтымақтсатықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Сондай-ақ...