Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14%-ке көтерді

Инфляцияны қалай тежейміз? Осы мақсатта елдің ұлттық банкі базалық мөлшерді 14%-ке көтерді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет кеңесе келе  50 базалық пунктке көтеру туралы шешім қабылдаған. Оны геосаясаттағы тұрақсыздық және қымбатшылықпен байланыстырды. Себебі наурыз айында елде жылдық инфляция 12%-ке жетті. Азық-түлік тауарлары бойынша 15,5% болды.  БҰҰ-ның есебіне қарасақ, наурыз айында әлемде азық-түлік тауарларының баға индексі  1990 жылдан бергі рекордты деңгейде шарықтады. Халықаралық валюта қоры да биыл ғаламдық инфляция жоғары болады. Дамыған елдерде 5,7%  дамушы елдерде 8,7% деңгейінде сақталады дегене болжам жасады. Бұған қоса, елдің негізгі сауда серіктесі саналатын мемлекеттерде деинфляция күшейіп, импорттық тауарлар қымбаттаған. Енді базалық мөлшерлеме туралы келесі шешім 6 маусымда қабылданады.

ЕЛДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТӨМЕНДЕЙДІ

Базалық мөлшерлеремені көтеру, инфляцияның өсімін тежеуге бағытталған мәжбүрлі қадам. Сондай-ақ бұл шешім теңгенің нығайып, теңгелік құнды қағаздардың бағасын көтеруге септігін тигізеді. Жұрт несие алып, қаржыны жаратудан гөрі жинаққа мән береді. Себебі депозиттің үстемесі артады. Несиенің де үстемақысы жоғарылайды. Сәйкесінше, банк арқылы қарызға алатын тауарларға сұраныс төмендейді. Экономикалық сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, бұл бір жағынан елде экономикалық белсенділікті төмендетуі мүмкін.

Мақсат Халық, экономикалық сарапшы:

Соңғы жылдарда бизнеске берілетін несиелер онсызда қымбат болған. Енді оны одан әрі қымбаттатып жатыр. Демек іскерлік белсенділік төмендейді деген сөз. Іскерлік белсенділік төмендесе экономикалық өсімді тежейді деген сөз. Менің көзқарасымда 14% қойылып отыр. Бұл уақытша сипат алса деген үміттіайтқым келеді. Себебі ертеңдері бұл  қайтіп түсірмесек, экономикаға кері әсерін тигізеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ ШЕШІМІНЕ НАРАЗЫ

Биыл Қазақстан Ресейдің Новосібір облысынан дәнді дақыл импорттауды екі есе арттырған. Тіпті, бидай сатып алу бойынша бірінші орында тұр. Алайда 15 наурызда Ресей бидай экспортына шектеу енгізді. Көрші елдің бұл әрекетіне Қазақстан тарапының көңілі толмайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесінде айтылған. Себебі одақ аясында еркін сауда айналымы болуға тиіс. Оның үстіне, ресми Мәскеу бидайды Қазақстанға сатуды тоқтатқанымен, Беларусь үшін нарық ашық. Біздің тарап бұл одақтың ережелеріне қайшы екенін айтып отыр. Тең құқылы мемлекеттерді алалау деп есептейді. Сондай-ақ Ресей одақтас мемлекеттерге экспортты шектегенімен, үшінші мемлекеттерге 11 млн тоннадан аспайтын көлемде сатуға рұқсат еткен. Ресей тарапы мұндай шешім өнімнің Қазақстан арқылы реэкспортталуына жол бермеу үшін қабылданғанын айтады. Олардың пікірінше, Қазақстандықтар Ресейден бидайды БАЖ салығынсыз арзан алып, Өзбекстан, Тәжікстан сынды елдерге қымбатқа сатқан. 

Биыл алғашқы екі айда Қазақстан мен Ресей 3,5 млрд долларға сауда жасады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 25%-ке көп. Көрші елге Қазақстандық өндірушілер 1,1 млрд доллардың тауарын экспорттады. Ал бұл елден 2,4 млрд долларға импорттаған. Импорттың сатқанымыздан сатып алғанымыз көп. Ал Беларусьпен арадағы алыс беріс – 4, одақтас Армениямен өзара сауда 0,5%-ке азайған.  Екі айда Арменияға экспорт көлемі 42% кеміпті. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан толық мүмкіндікті пайдаланса, экспорт көлемін, оның ішінде, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндігі жетеді. Бірақ бұл саланың кластері жолға қойылмаған. Сондықтан импортқа тәуелді болып отырмыз.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Тәуелділікті төмендетуіміз керек. Біз Ресей тауарына тәуелдіміз, біз Қытай тауарына тәуелдіміз. Ал, былай қарасаңыз мына жақта ОА мемлекеттері бар, бізде Құрық порты бар. Бізде Таяу және Шығыс Азияға толықтай жол, дәліз бәрі ашылған. Мысалы Өзбекстан басқа елдер болсын олар ішкі нарығын басқа елдерге шығару үшін Қазақстан арқылы, басқа да дәліздер арқылы шығаруға мәжбүр. Қазақстанда ол тараптан алған кезде барлық жолдар ашық. Бірақ, оның әлеуетін толықтай қолдану үшін біздегі ШОБ өкілдері қарқынын осындай бағыттарға көтеру керек және мемлекет тарапынан бұл жағынан қосымша тағы да көмек көрсетілу керек.

Айта кету керек, кейінгі кезде Қазақстанның  транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тауар тасымалы 41 процентке артты. Контейнерлік тасымалды арттыру мақсатында Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша жаңа кемелер іске қосылған.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа 