478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

7 мамыр Отан қорғаушы күні

  • 378
  • UPD: 08:42, 07.05.2022

Бүгін Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшіліктің бұзылмауына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың мерекесі - Отан қорғаушы күні.

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылған.  Еліміздің Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы, әуе-қорғаныс, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығая түскен.

«Хабар 24» арнасының ұжымы егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтайды!

Хабар 24 телеарнасы