Қазақстан Украинаға қатысты қарарға дауыс беруде қалыс қалды

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі Украинадағы жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрды.

Қарар ұйымның кезекті отырысында мақұлданды. Жобаны Украина тарапы ұсынған болатын. Дауысқа салынған құжатты 33 мемлекет қолдаса, 12 ел дауыс беруден қалыс қалды. Оның ішінде Армения, Өзбекстан, Қазақстан мен Үндістан бар. Ал Қытай мен Эритрея резолюцияның қабылдануына қарсы болды.

БҰҰ-ның бұл отырысына Ресей қатысудан бас тартты. Енді мамандар Украинаның Киев, Чернигов, Харьков пен Сумы облыстарында адам құқығының бұзылу фактісін келесі жылдың басына дейін жіті тергейтін болады.