Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
twitter.com

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 19-21 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклон анықтайды. Оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты елдің барлық аумағында жаңбыр жауады: 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамырда батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.