Демалыс күндері елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Жаңбыр жауады, 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 жылы, оңтүстік-батыста 29-37 жылы, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.