Референдум: 6 млн дауыс беруші Конституциядағы өзгерістерді қолдады

Конституциядағы өзгерістерді дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18%, яғни 6 млн-нан астам тұрғын қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал халықтың 18,6% түзетулерге қарсы. Саяси науқанға 7 млн 986 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл дауыс беруге құқылы жұртшылықтың 68,6%. Орталық референдум комиссиясының төрағасы осылай деді. Нұрлан Әбдіров референдум өткенін жеткізді. Өйткені облыстардың, елорда мен республикалық маңызды қала тұрғындарының кемінде 3/2-сі Конституцияға түзетулерді жақтаған. Заң талабы сақталды. Бүгін сағат 8-де барлық 10 мың 12 референдум учаскелерінде дауыс санау аяқталды.