Еліміздегі референдум нәтижелері жарияланды

Еліміздегі референдум нәтижелері жарияланды

5 маусым күні өткен референдумда дауыс берген қазақстандықтардың 77% астамы ел конституциясына өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

«Еліміздің барлық өңірінен дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18%-і конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді», – деді Әбдіров.  

ОРК төрағасы дауыс берушілер саны 68,05%-ті құрағанын алға тартты.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. 2022 жылғы 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 985 769 немесе референдумға қатысу құқығы бар адамдар санының 68,05 процентін құрады. Осылайша «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.