loader


Ғ.Пірматов: Инфляция жыл соңына дейін тағы көтерілуі мүмкін

Биыл инфляция 13-15% шамасында сақталады. Елде азық-түлік қымбаттады. Мұны Ұлттық банк төрағасы жоққа шығармады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық жиі тұтынатын өнім құны 19 процентке өскен. Мамыр айында инфляция 14 процентке жетті. Жыл соңына дейін тағы аздап көтерілуі мүмкін. Бірақ келер жылы біраз бәсеңдейді. Тіпті 7,5 мен 9,5 процент шамасында болады деген болжам бар.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа шоктар болмаған жағдайда инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады. Бұл ретте оның жоғарғы шегіне қарай баяулайтыны болжанып отыр.

Қыматшылық тек бізді ғана емес, әлем елдерін де қос бүйірден қысып тұр. Айталық кәрі құрлықта инфляция рекордтық көрсеткішке жетіп, 8,1 процентке дейін өсті. Бұрын-соңды мұндай болып көрмеген еді. Ал іргедегі Ресейде тіпті 18 процентке таяп қалды. Десе де бізде жағдай біршама жақсарып келеді. Небәрі 4 айда жалпы ішкі өнім көрсеткіші 4,4 процентке жетті. Мамадар мұны жақсылыққа жорып отыр.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Экономиканың барлық негізгі салалары өсіп келеді. Экономиканың өсуі шикізаттың жоғары бағасымен және карантин шектеулерін алып тастаумен байланысты. Әлемдегі геосаяси жағдай мен Каспий құбыр консорциумындағы мұнай құбырында болған апат ел экономикасына айтарлықтай теріс әсерін тигізген жоқ.

Ұлттық банк төрағасы бұл өсім келер жылы да сақталады деп бек сеніммен айтты. Ал базалық мөлшерлеме 14 процент шамасында қала береді. Бұл қадам таразы басын тең ұстауға септігін тигізбек.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Асхат Қарақойшиев

 

 

Сондай-ақ...