Президент Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатында Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеделхатта президент Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызметін жоғары бағалап, Қазақстан халқының есінде қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға ретінде қалатыны жазылған. Сондай-ақ Президент марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандастарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі. Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады.