Тарихи жеңіс! Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондон қаласындағы Уимблдон турнирінің финалдық кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы тунистік Онс Жабер болды.

Финалдық ойынның бірінші сетінде Онс Жабер жақсы ойын көрсетті. Есеп 6:3 болды. 

Екінші сет 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. 

Ал үшінші сетті Рыбакина 6:2 есебімен аяқтап, Уимблдон турнирінің чемпионы атанды. 

Елена Рыбакина – Қазақстан намысын қорғап, «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің финалына шыққан бірінші теннисші.