23 шілдеден бастап астанада маска тағу міндет болады

Ертеңнен бастап елордада коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты шектеулер енгізіледі.

Сауда орталықтары мен қоғамдық көліктерде, кинотеатрларда және адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде кию керек.

Қаулыға елорданың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қол қойды.

Антисептиктерді пайдалану да міндетті болады. Жүкті әйелдер, вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер және COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Еліміздің инфекциялық ауруханаларындағы орынның үштен бір бөлігін індет жұқтырған науқастар алып жатыр. Реанимациядағы жүктеме 6% болды.