Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұмра қажылығын өтеді

Сауд Арабиясындағы іссапарында Мемлекет басшысы ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында кіші қажылық рәсімін жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.