476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР АШМ: Қант бағасы келісіне 595-600 теңге болуы қажет

  • 428
  • UPD: 14:25, 26.07.2022
ҚР АШМ: Қант бағасы келісіне 595-600 теңге болуы қажет

Көрші елдердегі геосаяси жағдайға байланысты туындаған логистикалық проблемалардың салдарынан елде қант бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны  еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Айтуынша, бұрын Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан импорт кезінде ақ қантты жеткізу мерзімі 4-10 күнге дейін болса, қазір 90 күнге дейін жеткен. Бүгінде қант пен шикізат импорты әлемдегі ең ірі өндірушілер болып табылатын Бразилия мен Үндістаннан жүзеге асырылады. Олардың өндіріс көлемі шамамен 800 млн тоннаны немесе әлемдік нарықтың шамамен 60%-ін құрайды. Осылайша, бұрын орныққан барлық логистикалық байланыстар бұзылған. Бұл Қазақстанға шекер мен шикізатты жеткізу мерзімінің ұзаруына әкелді. Мысалы, қант құрағының құны шамамен 476 АҚШ долларды құрайды, бұл 2020 -шы жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Ал  логистика шығындары 110 АҚШ долларынан 290 АҚШ долларына дейін өсті. Салдарынан отандық зауыттарда да құрақ қант қымбаттады. Бүгінде зауыттар 1 килограмм құмшекерді 450 теңгеге сатады. Бұл ретте 15% көтерме және бөлшек сауда үстемелерін ескере отырып, қант құны шамамен 600 теңгені құрау қажет. 

Айта кететін жайт, тамыз айының басында республика бойынша шекердің қоры 35,1 мың тонна, ақ қант импорты 42,2 мың тонна деңгейінде күтілуде дейді министр. Ал зауыттардың дерегі бойынша шамамен 41 мың тонна қант өндіру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы