Президенттің шақыруымен Рим Папасы Франциск Қазақстанға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». «БОРТ №1» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.