Оралда кәсіпкерді пышақтау сәтінің видеосы жарияланды

Оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевке жасалған қастандықтың видеосы пайда болды. Онда 49 жастағы кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада сөйлесіп отырғаны таспаланған.

Кейін қос тараптың арасында жанжал туындап, екі жігіттің бірі кәсіпкерді пышақтап тастады. Осыған қарамастан ол терезеден шығып үлгіреді. Бірақ күдіктілер көшеде тағы бірнеше рет пышақтайды. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Бейнетаспа Facebook қолданушысы Азамат Сарсенбаевтың парақшасында жарияланды. Қазіргі таңда күдіктілер анықталып, оларға іздеу жарияланған. Оралға кіріп шығатын жолдарды полицейлер тексеріп жатыр. Қылмыскерлерді ұстауға Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылды.