Полицейлер 23 адамның денесін үтікпен күйдірген – Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы

Полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 23 азаматтың денесін үтікпен күйдірген.

Бас прокуратураның хабарлауынша, бұл іс бойынша 5 тәртіп сақшысы күдікті болып танылды. Олардың арасында криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері бар. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін бұл іс сотқа жолданды. Азаптау деректерін тергеу аяқталуға жақын.