2022 жылғы білім гранттарының тізімі жарияланды

2022 жылғы білім гранттарының тізімі жарияланды
Егемен Қазақстан

2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер грант алуда басымдыққа ие болды.Сондай-ақ ауылдан шыққан жастар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ жастарына квота қарастырылған.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыздар.