Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына барды,  деп хабарлайды «Хабар 24» БОРТ1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы 19 тамызда жұмыс сапарымен Сочиге баратынын жазған болатынбыз.

Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.

Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.