Қ.Тоқаев пен И.Алиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Алиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігінің негізгі мәселелерін талқылап, саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды. Қазақстан Президенті Ильхам Алиевке Бакуға шақырғаны және көрсетілген қонақжайлылық үшін ризашылығын білдірді.

«Бүгін елдеріміз арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға қол қойылады», – деді Мемлекет басшысы.  Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару үшін арнайы миссиямен келгенін айтты.