Бүгін – Конституция күні

Осыдан 27 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды. Содан бері қоғамның талабы да, көзқарасы да, саяси сауаты да өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 5 маусым күні халқымыз жалпыхалықтық рефрендум кезінде Жаңа Қазақстанның басты құжаты Ата заңдағы ауқымды өзгерістерге дауыс берді. Енді соның негізінде Конституциялық заңдар қабылданады. Қазір тиісті бағытта қызу жұмыс жүріп жатыр. Парламент депутаттары демалыстан шыққан бойда осы құжаттарды сүзгіден өткізеді.

Егеменді еліміздің конституциясына осымен 6 рет өзгеріс енгізілді. Соңғысын жуырда ғана яғни 5 маусымда өткен жалпыхалықтық референдум кезінде қабылдадық. Енді елімізді ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Суперпрезиденттік басқарудан жауапты Үкіметі, ықпалды Парламенті бар Президенттік басқаруға көштік. Аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Тұрғындар жеке азаматқа да, партияға да дауыс бере алады. Демек халықтың үні Парламентке жетеді деген сөз. Жүйелі өзгерістер  енді Конституциялық заңмен қуаттала түседі.  

Серік Ақылбай, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы:

– Референдум қабылданды Заңдар көрсетілген конституциялық өзгерістер негізінен конституция ішіне келтірілген өзгерістер. Енді сол Конституциялық өзгерістердің негізінде заңдар қабылданады. Ол осы сентябрьдің басынан бастап бірден қабылдана бастайды. Өте жылдам қабылданатын сияқты. Жұмыс топтар жұмыс істеп жатыр. Парламенттте де жұмыс істеп жатыр.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Констиуциядағы ауқымды өзгерістің бірі осы. Елеулі өзгерістің бірі – Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл мәртебесінің Конституция­да бекітілуі. Бұл уәкілге азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауда мол мүмкіндік береді.

Эльвира Әзімова, адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

– Былтырғы жылдың аяғында омбудсменге байланысты ерекше заң қабылданды. Осы референдум кезінде Конституцияда енгізілген өзгерістердің бірі жаңартылған принциптер негізінде. Жаңартылған баптар ғана емес негізінен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі қандай азаматтардың қандай құқықтары бар. кейбір азамттар өкінішке қарай осы заңды қорғауына қолжетімділігі жоқ. Өйткені тек қана әлеуметтік жағынан емес, білім жағынан.

Енді әділдік таппай шыр-пыр болған азаматтарға Конституциялық сот қорған болады. Бұл орган ешкімді бөліп жармай кез келген тұрғынның шағымын қабылдайды. Бірақ ол істі қайта тергемейді. Тек шығарылған қаулының Ата заңға сәйкестігін қарайды.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы