Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Елде биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Мемлекет басшысы халыққа арналған Жолдауында өкілеттік мерзімін қысқартып, алдағы сайлауға баруға дайын екенін айтты. Сондай-ақ Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бұдан кейін оған қайта сайлануға тыйым салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.