Президент бес мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Арнайы марапатты Ливия, Кувейт, Словакия, Алжир және Кения мемлекеттерінің дипломаттары табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады. Екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстан үкіметі қолдау көрсететінін жеткізді.