Президент жұдырықтай жұмыла білген жұртқа алғысын білдірді

Қостанайда өрттің зардабын тартқан халық далада қалмайды. Мемлекет бар көмекті жасайды. Қазір жағдай бақылауда. Өртпен күресу үшін барлық қажетті шара қабылданған.

Ел-жұрттың жайын біліп, халін сұрап барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз етуді тапсырды. Осы өңірде жүрген тлішіміз Талғатбек Әбдіқожа сөз алады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Бүгін Қостанай көгі күңіреніп тұр. Кеше аспанды көк түтін жайлаған еді. Бүгін бұлтты. Жұрт жаңбыр жауып, тілсіз жау біржола өшсе екен деп тілеп отыр.  Жабырқаған жұртқа жігер беріп, халықпен бірге екенін білдіру үшін өңірге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы келді. 

Номері бірінші бортпен Қостанай қаласына қонған мемлекет басшысы Тік ұшаққа отырып қайта көкке көтерілі. Өрт жайлаған Әулиекөл ауданының аумағын әуеден барлап, жағдаймен қанықты. Кейін өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізіп, мемлекеттік органдардың басшыларының ақпарын тыңдады.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Жерде 2 мыңнан астам адам, әуеде 6 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Төртеуі ТЖМ-не екеуі ҚМ-не қарасты. Қазір өрт сөндіруге қажетті сау тапшылығы мәселесі бар. Қсоымша су қажет болса тікұшақарға көлікпен жеткізіп отырамыз. Өйткені жоғарыдан жазу таралуы жылдам. Бірақ техника да адам да жетеді. Көп ұзамай отты толық сөндіреміз деп сенемін.

Қызыл жалын Қостай облысының 4 ауылына жайылды. Қазір бәрі бақылауға алынған.  Бір өкініштісі от ошақтары өзге өңірлерден де анықталып жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мәселенің аса күрделі екені түсінікті. Сондықтан үкімет пен президент әкімшілігіне тиісті тапсырмаларды бердім. Өртті тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Осыған орай арлық ресурсты дереу жұмылдырдық. Төтенше жағдайлар министрлігіне ІІМ, ҚМ, ҰҰ,  көмекке келді. Бұл жұмысқа орман шаруашылығы, орман күзетінің және темір жолшылар тартылды. Қазір төтенше жағдай бақылауға алынды.

Апат айтып келмейді. Десе де мемлекеттік органдар кез-келген жағдайға сақадай сай болуға тиіс еді. Бірақ төтенше жағдай кезінде әрекет етудің нақты алгоритімі жоқтығы жұмысты тежеді. Сондықтан мемлекет басшысы болған жағдайдан сабақ алып, олқылықтың орнын толтыруды жауапты ведомстваларға жүктеді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігіндегі мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, сапалы кадр даярлауға мән беруді тапсырды. Алапат өртті сөндіру кезінде алдыңғы қатарда болған жігіттердің еңбегі елеусіз қалмайтынын айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өрт сөндіруге кезінде аянбай еңбек етіп, ерлік көрсеткен мамандардың барлығы алғыс айтамын. Олар ең жоғары марапатқа лайықты және алатын болады. Боған қоса өртті сөндіруге қатысқандарға екі айлық көлемінде сыйақы беру туралы шешім шығаруды үкіметке тапсырамын. 

Осы өрт кезінде бір адам опат болғанмен, өзге жұрт аман. Алайда үйлерді түгел сақтау мүмкін емес еді. Өрт жүзден астам тұғын үйді күлге айналдырды. Ендігі жұмыс баспанасыз қалған қарашаға жәрдем беру. Шұғыл шешім қабылдап, жедел әрекет етпесе қылышын сүйретіп қыс келеді. Президент бұл мәселені тез арада шешуді үкіметке жүктеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Көмек берілетініне ешқандай күмән болмауы тиіс. Үкімет, әкімдік, волентерлер, белсенділер барлығы өрт кезінде зардап шеккен тұрғындарға жәрдем беруге жұмылады.

Табиғат апатынан ең қатты зиян шеккен елді мекен Аманқарағай. Мұнда жүзге жуық үй өртеніп, мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы 2 мыңдай адам эвакуацияланған. Оның 70-тейі ғана арнайы ұйымдастырылған орындарға орналасты. Қалғаны ағайын туысты сағалады. Президент сол көңілі жабырқау жұртпен кездесіп, қиындықты еңсеру үшін барлық шаралар қабылданатынын айты. Балалаларды бауырына басып, көп ұзамай жаңа баспанада алаңсыз оқуға мүмкіндік болатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді,

БЛИЦ:

- Үйі жанып кеткен азаматтарға қысқа дейін жаңа үй салып береміз, жиһаз техникаға әпереміз  деді. Үлкен рахмет. Мемлекет көмек бермесе, қолымызда дым қалмады.

БЛИЦ:

- Президентіміз айтты бізге көмек береміз деп. Соған сеніп отырмыз сол кісіге. Келе  жатыр алдымызда қыс. Қайда баратынымызды білмей жатырмыз. Жас келіп қалды. Сол кісіге сеніп оырмыз. Үй береді деп қуанып отырмыз.

Тас түскен жеріне ауыр. Осы ауырды жеңілдету үшін жұрт біріге білді. Қостанайға елдің барлық өңірінен көмек керуені заттай да ақшалай да жеткізіліп жатыр. Торғайдағы мерейтоға жиналған жастар да бір ауыздан Әулиекөлге келіп, қиналған жұртқа қол ұшын созды. Президент волентерлермен кездесіп, алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ел болып, тұтас, тату болып, бір-бірімізге көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен, бірлік болсын!» Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз. 

Президент осылайша көптің көңілді күпті еткен біраз сұрақтарға жауап беріп, елдің көңілін серпілтті. Жұдырықтай жұмыла білген жұртқа ризашылығын білдірді.