Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілін қабылдады

Президент Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезінің күн тәртібі және Қазақстан альянс арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы мейманға елімізге келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Бас хатшының Жоғары өкілі съездің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жиынның бейбітшілікті, дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.