Мемлекет басшысы Рим Папасы Францискке домбыра сыйлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді. Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр. Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз – домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр. Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал. Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын.