Самарқандта ШЫҰ саммиті басталды

Самарқандта Шанхай ынтымақтастығы ұйымының ХХІІ саммиті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға қатысу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  жұмыс сапарымен көрші елге барған болатын. Мемлекет басшыларын Шавкат Мирзеев Конгресс орталықта қарсы алды. Президенттер әуелі шағын құрамдағы кездесуге кірісті. Саммитті ұйымға төрағалық етіп жатқан өзбек тарапы ашты. Шавкат Мирзиеевтың айтуынша, саяси құрылым бір жылда 80-нен астам түрлі халықаралық шара өткізген. Оның бәрі жасыл экономика, өнеркәсіп, цифрландыру мен сауда-саттықты арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Содан кейін кеңейтілген құрамдағы отырыс өтеді. Оған баҚылаушы және дилог бойынша, әріптес елдердің басшылары қатысады. Жалпы бұл шараға 13 елдің президенті келді. Саммиттен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше екі жақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.