Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.