Мемлекет басшысы Нью-Йоркте бірқатар кездесу өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы АҚШ-та бірқатар маңызды кездесу өткізеді. Бүгін JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ сияқты жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездеседі. Сонымен қатар  Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wab-tec, Microsoft сынды трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен және сарапшылар тобының өкілдерімен бас қосады. Ал 20 -шы қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.