Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

Түркістан облысында апатты жағдайдағы 4 мектеп және үш ауысыммен жұмыс істейтін 2 білім ошағының мәселесі биыл шешілуі тиіс. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 8 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жалпы өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 125 млрд теңгеге өскен. Сондай-ақ құны 12,7 миллиард теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске қосылған. Нәтижесінде 900-ден астам жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар Дархан Сатыбалды құрылыс, мектеп және су нысандарының мәселесіне тоқталды. Президент әкімге қолға алынған жобаларды жалғастырып, халықпен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.