Қазақстан Донецк пен Луганск республикаларына қатысты ұстанымын жариялады

Қазақстан өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск республикалары және Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумға қатысты «мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын» негізге алады.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен осы ұйым жарғысының негізіне айналған халықаралық құқық принциптерін сақтаудың маңыздылығын атап өткенін де жеткізді. Қазақстан тараптар арасында саяси диалогты орнатуға күш салуға дайын екенін айтты. Аймақтық және жаһандық деңгейде тұрақтылықты сақтаудың маңызды деп санайтынын атап өтті. 

Сондай-ақ...