Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумына қатысады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Онда ірі технологиялық компаниялардың халықаралық және отандық сарапшылары IT әлемінің ең өзекті тақырыптарын талқылайды. Сондай-ақ,..  IT - экспорт пен адами капиталды дамыту стратегиясы туралы әңгімелеп, үздік әлемдік тәжірибелермен бөліседі. Биылғы форум  «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда» деген тақырыппен өтеді.