Қ.Тоқаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ екі ел үкіметтері арасында табысты байланыс артып келе жатқаны, әсіресе тауар айналымы көрсеткішінің қарқынды дамып жатқаны айтылды. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.