Президент сайлауына түсу мен үшін зор мәртебе әрі жауапкершілік – Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Яғни елдегі 30 саяси ұйым мен қоғамдық бірлестік бас қосып, форум өткізді. Тоқаевтың жанына топтасатынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылдық». Елдегі ең ірі партияның төрағасы Ерлан Қошанов жиынды осылай бастады. Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және ілгерілетуге күш біріктіреміз деді. Қошановтың сөзін Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров қолдады. Тұңғыш ғарышкер кейінгі жылдары халық 30 жылдан бері күткен өзгеріс жасалғанын, жұрттың ұлттық намысы оянып келе жатқанын тілге тиек ектті.

Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы:

– Біз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау арқылы болашақты таңдаймыз. Мен президенттің бастамаларымен жүзеге асып жатқан барлық реформаларды қолдаймын. Себебі ол мемлекетіміздің бүгінгі және ертеңгі өмірі үшін аса маңызды. Мен бүгін осы сөзді айтып, ортаға шықпас бұрын көп ойландым, көп толғандым. Бұл менің шын көңілімнен шығып жатқан сөздер. Президентіміз бізді болашаққа бастауға әбден лайық тұлға. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ниеті де, саяси позициясы да тәуелсіз Қазақстанды нығайтуды көздейді.

Халықтық коалицияға «Ақ жол» партиясы да қосылған. Осы саяси ұйымның атынан мәжіліске сайланған Қазыбек Иса алмағайып заманда қазаққа бірлік керек деді.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Әр қиындықтан сабақ алуға тиіспіз. Қасіретті басталған жылды қасиетті істерге жалғастырып, жақсылыққа ұластырып алып кету елге, сіз бен бізге байланысты. Біз әртүрлі саяси ұйымның өкілі болсақ та, біздің бағытымыз бен мақсаттарымыз, арман-тілектеріміз бір. Өйткені біздің қасиетті қара шаңырағымыз бір. Бізге керегі қазір ең алдымен елдің амандығы – Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау! Осы мақсатта біз ақжолдықтар бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан президенттігіне лайықты кандидат деп есептеп, қолдаймыз!

Халықтық коалицияғаның форумына елдегі басты саяси партияларлар мен қатар қоғамдық ұйымдар, азаматтық қозғалыстардың атынан 2 мыңнан астам өкілі қатысты. Олардың сеніміне мемлекет басшысы алғыс айтып, бұл зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстаным өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

 

Осылай деген Президент өзі енгізген реформалардың бір парасына тоқталды. Ең негізгісі халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы. Сондай-ақ саяси реформаның 4 топтамасы жүзеге асты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Билік пен қоғамның диалогын нығайту үшін ата дәстүрімен Ұлттық құрылтай шақырылды. Оның жұмысына түрлі сала өкілдері белсене қатысты. Әлемді жайлаған коронавирус індетіне бірге қарсы тұрдық. «Қасіретті қаңтар» кезіндегі зор сынақты тұтас ел болып еңсердік. Биыл Конституцияға өте маңызды өзгерістер енгіздік. Еліміз үшін жарқын келешекке жол аштық. Яғни, қысқа уақытта орасан зор жұмысты бірге атқардық деп сеніммен айтуға болады. Бірақ, әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, бағындыратын белестеріміз – алда. Қандай қиын болса да, бәріміз бірге оны міндетті түрде абыроймен атқарамыз. Ортақ мақсатқа жетеміз!

Мақсатқа жету үшін елде жемқорлықты жоюымыз керек. Өзгерістің бірі осы бағытта болды. Мемлекет қаржысын жымқырып сотталғандар енді мерзімінен бұрын бостандыққа шақпайды. Олардан қайтарылған қаржы мектеп салуға жұмсалады. Сосын ауыл мен қала мектептеріндегі айырмашылықты азаяды. Дарынды жастарға берілетін грант көбейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

– Мен еліміздің саяси, әлеуметтік, құқықтық және басқа да маңызды жүйелерін түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар жүргізіп отырмын. Оның бәрін жақсы білесіздер. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге, әр адамның  құқығын толық қорғауға, демократиялық үдерістерді жедел жүргізуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, барлығы тек халық үшін жасалып жатыр.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атды. Тәуелсіздік, жер тұтастығы, мемлекет мүддесі, рухани үндестік заңдылық пен тәртіп, жасампаздық және достық пейіл, меірімділік және жанашырлық. Әрібіріміз осы қағиданы берік ұстансақ, еркін заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталған мықты мемлекет боламыз деді Президент.