Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Ал алдағы апта маңызды саяси шараларға толы болмақ. Атап айтсақ 11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тани Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен табан тіремек. 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент бірнеше мемлекет мен үкімет басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен екіжақты кездесу өткізеді. 14 қазанда елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған.  Ал 15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді деп күтілуде.